Accessibility links

Төрт ел ЕО-ның Ресейге қарсы санкциясына қосылды


Ресей туы (Көрнекі сурет)
Ресей туы (Көрнекі сурет)

Украина, Албания, Черногория және Норвегия Еуропа Одағының (ЕО) Ресейге Қырым түбегінде Ресей президенті сайлауын өткізгені үшін салынған санкцияға қосылды.

"Кандидат елдер Черногория мен Албания, Еуропа еркін сауда ассициациясының және Еуропа экономикалық кеңістігінің мүшесі Норвегия және Украина осы декларацияға қосылады" - делінген Еурпоа кеңесінің сайтында жарияланған хабарламада.

Ақпарат бойынша, бұл елдер өздерінің мемлекеттік саясатын Еуропа кеңесінің шешімімен сәйкестендіреді.

"ЕО бұл жағдайды ескереді және оны қолдайды" делінген хабарламада.


14 мамырда ЕО-ның құқықтық ақпарат порталында Еуропа кеңесі оккупацияланған Қырым түбегінде Ресей президенті сайлауын өткізгені үшін санкция салған шенеуніктердің тізімі жарияланған.

Санкцияға Қырымдағы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Инна Гузеева, комиссия хатшысы Наталья Безрученко және Севастополь сайлау комиссиясының төрағасы Александр Петухов, орынбасары Мирослав Погорелов және хатшысы Анастасия Капранвова ілінген. Олардың ЕО-ға кіруіне тыйым салынып, активтері бұғатталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG