Accessibility links

Иранда "шабуыл жасамақ болған" ондаған күдікті ұсталды


Иранның Бане қаласындағы полиция көлігі (Көрнекі сурет).
Иранның Бане қаласындағы полиция көлігі (Көрнекі сурет).

Иран билігі мұсылмандардың Рамазан айы аяқталатын уақытта шабуыл жасамақ болды деген әлдебір "террорлық топтың" күдікті 27 мүшесі ұсталғанын мәлімдеді.

Иранның ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігі ұсталғандардың Тегеран мен елдің басқа да қалаларында "террорлық операциялар" жасауды жоспарлағанын айтады.

Министрлік мәлімдемесінде күдіктілердің киберкеңістікте қонақжай Иран еліне кек алу және зорлық-зомбылық жасайтыны туралы қоқан-лоқы көрсететін суреттер жариялағаны" айтылады. Ведомство шабуыл Рамазан айының соңғы күндеріне және Иранда палестиналықтарды әрі Израильге қарсы оппозициялық күштерді қолдау үшін жыл сайын атап өтілетін Иерусалим күніне жоспарланғанын айтады.

Иранда бұған дейін елдегі шиттерге қарсы сүнниттік экстремистер бірнеше рет шабуыл жасаған. Иран бұған қоса Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" және "Әл-Қаида" ұйымдарымен күреске қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG