Accessibility links

Қырғызстан Жоғарғы соты Тұңғышбаевты қамауда қалдырды


Мұратбек Тұңғышбаев, қазақстандық азаматтық белсенді.
Мұратбек Тұңғышбаев, қазақстандық азаматтық белсенді.

Қырғызстан Жоғарғы соты қазақстандық азаматтық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты қамауда қалдыру туралы Бішкек қалалық сотының шешімін күшінде қалдырды деп хабарлады азаматтық белсенді Адил Турдукуловқа сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Қазақстан билігінің сұрауы бойынша 10 мамырда Бішкекте ұсталған Мұратбек Тұңғышбаев қазір Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысында отыр.

24 мамырда Қырғызстан Бас прокуратурасы Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған. Оны Қазақстанға қайтару мәселесі 19 маусым күні Бішкектің Октябрь аудандық сотында қаралады.

Қырғызстанның миграциялық қызметі 5 маусым күні Азаттыққа Мұратбек Тұңғышбаевтың өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған.


Алматының Алмалы аудандық соты 3 мамыр күні Мұратбек Тұңғышбаевты "қылмыстық топтың қызметін қаржыландырды" және сот экстремистік деп таныған ұйымның қызметіне қатысты" деген күдікпен қамау туралы сырттай шешім шығарған. 8 маусымда Алматы қалалық соты оның қамалуын заңсыз деп тану туралы жеке шағымды қанағаттандырмаған.

Бұған дейін Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі омбудсмені Кубат Оторбаев пен үкіметтік емес ұйымдар ресми Бішкекті Тұңғышбаевты Қазақстанға қайтармауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG