Accessibility links

Ташкентте діни қайраткер Анвар-кари Турсунов қайтыс болды


Анвар-кори Турсунов.
Анвар-кори Турсунов.

Ташкентте белгілі діни қайраткер, Ташкенттің бас имам-хатибы Анвар-кори Турсунов қайтыс болды. Өзбекстан Мұсылмандар діни басқармасының (ӨМДБ) хабарлауынша, Турсунов 13 маусым күні таңертең көз жұмды.

60 жастағы Анвар-кори Турсуновқа 5 сәуірде операция жасалып, содан бері ауыр халде жатқан. Азаттықтың Өзбек редакциясы 6 сәуірде Анвар-кори Турсунов инсульт алған соң операция жасалғанын хабарлаған. Мамырда туыстары оның комадан шыққанын мәлімдеген.

Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген Анвар-кори Турсунов имам болғанға дейін журналистикада және ғылым саласында қызмет етті. Ол 1999 жылы Ташкенттің бас имамы болды.

2009 жылы Анвар-кори Турсуновқа қастандық жасалған. Сол жылы 31 шілдеде белгісіз үш адам оған үйінде тоғыз жерден пышақ салып, қашып кеткен. Сол кезде Ташкентте күш құрылымдары шабуыл жасағандарды ұстау бойынша ауқымды операция жүргізген. Анвар-кори Турсуновқа шабуыл жасады деген күдікпен 70-ке тарта адам ұсталып, оларға қатысты сот жабық түрде өткен. Имамға шабуылдың не себепті жасалғаны және оған кім тапсырыс бергені әлі күнге белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG