Accessibility links

Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрінің дирижері Арман Жүдебаев тағайындалды. Консерватория ректорының тағайындалғаны туралы жарлықты Қазақстан президентінің әкімшілігі жариялады.

Консерваторияны 1997 жылдан бері басқарған белгілі пианиношы, педагог әрі профессор Жәния Әубәкірова кеше қызметінен босатылған.

31 жастағы Арман Жүдебаев халық аспаптары оркестрін қаңтарда басқарған. Ол 2013 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болып қызмет істеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG