Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев коммерциялық емес ұйымдардың қызметін реттеу жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына қол қойды. Президенттің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, заң мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды, гранттар мен сыйақыларды беру тетіктерін жетілдірмек.
Биыл қаңтар айының соңында парламент мәжілісінде сол кездегі дін істері және азаматттық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) туралы заң жобасын таныстырып, заңның коммерциялық емес ұйымдардың жұмысын реттеуде "маңызды" екенін айтқан. Ол заңға әлеуметтік жобаның қаншалықты тиімді орындалғанын бағалау критерийлері енгізілгенін айтқан.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 50 мыңға жуық коммерциялық емес ұйым, 19 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Былтыр Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға 2,7 миллиард теңге қаржы бөлінген.
ПІКІРЛЕР