Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев "пара алды" деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ.
Агенттік ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Анарбек Қарашевтің "ірі көлемде пара алғанын әшкерелеген". "Ол мемлекеттік жауапты лауазымды қызметті атқара отырып, министрлікке қарасты мекемелердің басшылары Сәкенов, Нұрекенов және Жұмасановтың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Қарашев бұл үшін олардан жүйелі түрде 10 миллион теңгеден асатын заңсыз сыйақы алып отырған деді Нұрлан Жахин.
Ведомство мәліметінше, Сәкенов, Нұрекенов және Жұмасанов қылмыстық қитұрқылық жасап, кәсіпкерлерден олармен министрлікке қызмет көрсету туралы келісім жасағаны және олардың жұмысын кедергісіз қабылдап алғаны үшін 20 миллион теңгеден астам "пара алған".
Бұл факт бойынша алты адам жауапқа тартылып отыр. Сот Қарашев пен Нұрекеновті қамауға, Сәкеновті үйқамаққа алған.
ПІКІРЛЕР