Accessibility links

2026 жылғы футболдан әлем біріншілігі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді


FIFA делегаттары АҚШ, Канада және Мексиканың 2026 жылғы футболдан әлем біріншілігін өткізу туралы өтінішінің таныстырылымын тамашалап тұр. Мәскеу, 13 маусым 2018 жыл.
FIFA делегаттары АҚШ, Канада және Мексиканың 2026 жылғы футболдан әлем біріншілігін өткізу туралы өтінішінің таныстырылымын тамашалап тұр. Мәскеу, 13 маусым 2018 жыл.

2026 жылы футболдан әлем біріншілігін АҚШ, Мексика және Канада бірігіп өткізетін болды. Мәскеуде 13 маусым күні өткен Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) конгресінде ұйымға мүше елдер 2026 жылғы әлем біріншілігін солтүстікамерикалық үш елде өткізуді қолдап дауыс берді.

2026 жылғы әлем біріншілігін өткізуге бұл үш елден өзге Марокко да үміткер болған. АҚШ, Канада және Мексика бірге 134 дауыс, Марокко 65 дауыс жинады. FIFA конгресі Ресейде 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігінің басталуына бір күн қалғанда өтіп отыр.

Футболдан әлем біріншілігі 2022 жылы қараша-желтоқсан айларында Катарда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG