Accessibility links

Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін белгілегені туралы жарлық 13 маусым күні Ақорда сайтында жарияланды.

Жарлықта бұл күннің “қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында” аталып отыратыны жазылған. Жарлықтың орындалуын қадағалау міндеті президент әкімшілігіне жүктелген.

Қаулы жарық көрген күннен бастап күшіне енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG