Accessibility links

Македония президенті Грекиямен келісімнен бас тартты


Герге Иванов, Македония президенті.

Македония президенті Герге Иванов елдің атауын өзгерту жөнінде Грекиямен жасалған келісімге қол қоймайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, келісім Македония конституциясына қайшы.

Иванов өзінің бұл ұстанымы өзгермейтінін мәлімдеді. Ол ешқандай қысымға, бопсалауға не қоқан-лоқыға түсіп қалмайтынын айтады. "Мен мұндай сорақы келісімді қолдамаймын да, қол қоймаймын да", – деді президент. Ол НАТО-ға не Еуропа Одағына кіру үшін мемлекет атауын өзгерту сауданың басты талабы емесін айтты.

Осыған дейін Македония мен Грекия бұрынғы югославиялық республиканың атауына қатысты 27 жылға созылған дауда келісімге келгені айтылған еді. Македония премьер-министрі Зоран Заев 12 маусымда Афина мен Скопье Солтүстік Македония деген атауға келіскенін мәлімдеген. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас баспасөз мәслихаты кезінде "Енді артқа жол жоқ", – деген.

Зоран Заев бұл келісім македониялықтардың этникалық және мәдени идентификациясын сақтап қалатынын айтқан. Ал Грекия премьер-министрі Македония мемлекетінің жаңа атауы ұлттық және халықаралық құжаттарда көрсетілетініне сендірген еді.

Құрамында Македония провинциясы бар Грекия бұрынғы Югославиядан 1991 жылы бөлініп шыққан көрші Македония елінен атауын өзгертуді талап етеді. Македония мемлекеті оған келіспейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
XS
SM
MD
LG