Accessibility links

Тәжікстанда "интернетте терроризмді қолдағандарды" жазаламақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстанда бұдан былай терроризмді қолдап, теракт жасауға ашық шақырғандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары 13 маусымда Қылмыстық кодекстің "Террорлық сипаттағы қылмыстарды жасауға шақыру және (немесе) террорлық іс-әрекеттерді жария түрде ақтау" деген 179-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бір ауыздан мақұлдады. Аталған бапқа "Интернет арқылы" деген сөз тіркесі енгізілген. Яғни, әлеуметтік желілер арқылы терроризмге үндегендер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады.


Тәжікстанның сот тәжірибесінде Facebook-те террорлық сипатта делінген материалдарға "лайк" басқаны үшін жауапқа тартылған бірнеше оқиғалар болған.

Тәжікстандағы тәуелсіздік БАҚ-тың ұлттық қауымдастығы төрағасы Нуриддин Каршибоев Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерді экстремизм және терроризмге қатысты қылмыстық жазаны қатайту деп біледі. Оның сөзінше, осыған дейін кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер бұл мәселеге тікелей не жанама қатысты болған.

"Кез келген есі дұрыс адам терроризм мен экстремизмнің пайда болуын қолдамайды. Бірақ құқық қорғау органдары заң нормаларын дұрыс талдамайды деген қауіп бар. Сол үшін парламент өкілдері халық арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек", - дейді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG