Accessibility links

Ресейде бүгін футболдан әлем біріншілігі басталады


Мәскеуде футболдан әлем біріншілігі туралы жазылғна баннер жанынан өтіп бара жатқан тұрғын. Ресей, 13 маусым 2018 жыл.
Мәскеуде футболдан әлем біріншілігі туралы жазылғна баннер жанынан өтіп бара жатқан тұрғын. Ресей, 13 маусым 2018 жыл.

Ресейде 14 маусымда футболдан әлем біріншілігі басталады. Біріншілік Ресейдің 11 қаласы - Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи, Қазан, Калининград, Волгоград, Нижний Новгород және Екатеринбург қалаларында өтеді. Турнирге 32 команда қатысады.

Әлем біріншілігінің ашылу салтанаты Мәскеудің "Лужники" стадионында болады. Алғашқы ойын Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өтеді. Ашылу салтанатына негізінен Латын Америкасы мен ТМД-ның 10-нан астам елінің басшылары жиналды. Бұл елдердің көбі әлем біріншілігіне қатыспайды.

Сауд Арабиясынан әлем біріншілігінің ашылу салтанатына тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман әл-Сауд ханзада қатысады. Солтүстік Кореядан біріншілікті ашылуына Жоғарғы халық жиыны президиумының төрағасы Ким Ен Нам келді.

Әлем біріншілігіне қатысатын Австралия, Ұлыбритания, Исландия мен Польша шенеуніктері турнирге бойкот жариялаған. Еуропарламент депутаттары да жарысқа дипломатиялық бойкот жариялауы мүмкін екенін хабарлаған.

13 маусым күні кешке Мәскеудің Қызыл алаңында әлем біріншілігінің ашылуы құрметіне классикалық музыка орындаушылары қатысқан гала-концерт өтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG