Accessibility links

Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрі қызметінен алынды


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрі Доврангелді Байрамов биылғы жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысына арналған қауіпсіздік кеңесінің жиынында қызметінен босатылды деп хабарлады Азаттықтың Түркімен редакциясы.

Түркіменстандық TDH агенттігінің хабарлауынша, Байрамов "жұмысында үлкен кемшіліктер жібергені үшін" қызметінен босатылып, полковник әскери шені майор шеніне дейін төмендетілген. Ұлттық қауіпсіздік министрі болып осыған дейін қорғаныс министрлігін басқарған Яйлым Бердыев тағайындалған.

Өткен айдың соңында Байрамов авторитар президент Гурбангулы Бердімұхамедовтен "кадр таңдау мен тағайындауда кемшілік жібергені үшін" қатаң сөгіс алған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG