Accessibility links

Ерімбетов: Мені қамауда азаптады


Жақтаушылары сот айдауылдарының Ескендір Ерімбетовті оқшауланған камерадан алып кетуіне жол бермей тұр. Алматы, 14 маусым 2018 жыл.
Жақтаушылары сот айдауылдарының Ескендір Ерімбетовті оқшауланған камерадан алып кетуіне жол бермей тұр. Алматы, 14 маусым 2018 жыл.

Алматыда қамауда отырған бизнесмен Ескендір Ерімбетов 14 маусымда басталған сотта өзінің "бірнеше ай бойы азаптау көргенін" мәлімдеді. Сотта Азаттық тілшісіне қысқа сұхбат берген Ерімбетов "Мені екі ай бойы адвокатсыз азаптады. Басымнан металмен ұрды. Қазір жалғыз кісілік камерада отырмын" деді.

Ерімбетов өзіне қарсы істің саяси астары бар деп сенетінін айтып, өзін "саяси тұтқын" деп атады. Ол соттың әділ өтетініне сенбейтінін, тек халықаралық сотқа сенетінін айтты.

Ерімбетов сұxбат беріп тұрғанда сот жасағы оны сот залынан алып кетуге тырысты. Бірақ қолдап келген туыстары оны әкетпек болған сот қызметкерін оқшауланған терезеден шығармай, айқайлап, алып кетуге келгендерді кері итеріп тастады.

Сотта прокурор америкалық заңгер Джаред Генсердің өзін Ескендір Ерімбетовпен кездестіруді сұраған өтініші орындалмайтынын мәлімдеді. Прокурор Ерімбетовтің заңмен бекітілген адвокаты мен қорғаушыларына ғана онымен кездесуге рұқсат берілетінін айтты. Джаред Генсер Ерімбетовтің мүддесін қорғау үшін сотқа бақылаушы ретінде қатысуға келген.

Оқи отырыңыз: Заңгер: Астана Ерімбетовті құқық қорғаушымен кездестіруі тиіс

Қазақстан билігі Ескендір Ерімбетовті "БТА банкінен" жымқырылған қаржыны "жылыстатуға қатысы бар" деп айыптайды. Ерімбетовтің туыстары оған қарсы істі "қолдан жасалған және ол азапталып жатыр" деп мәлімдейді.

Туыстары Ерімбетовті кезінде "БТА Банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің заңгері болған қарындасы Бота Жәрдемәліні елге қайтару үшін қуғындап отыр деп біледі. Мұхтар Әблязов өзін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қарсыласымын деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG