Accessibility links

Қазақстан президенті Ресейге барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге жеткен сәті. 14 маусым 2018 жыл. Ақорда вебсайтының суреті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге жеткен сәті. 14 маусым 2018 жыл. Ақорда вебсайтының суреті

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14 маусым күні Ресей астанасы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Ресми ақпаратқа сәйкес Назарбаев 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, турнирдің алғашқы матчы - Ресей мен Сауд Арабиясының арасындағы ойынды тамашалайды.

Төрт жылда бір мәрте өтетін әлемдік футбол жарысының ашылу рәсіміне келген Орталық Азия елдері басшыларының ішінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бар.

Біріншілік Ресейдің 11 қаласы - Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи, Қазан, Калининград, Волгоград, Нижний Новгород және Екатеринбург қалаларында өтеді. Турнирге 32 команда қатысады.

Әлем біріншілігінің ашылу салтанаты Мәскеудің "Лужники" стадионында болады. Алғашқы ойын Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өтеді. Ашылу салтанатына негізінен Латын Америкасы мен ТМД-ның 10-нан астам елінің басшылары жиналды. Бұл елдердің көбі әлем біріншілігіне қатыспайды.

Әлем біріншілігіне қатысатын Австралия, Ұлыбритания, Исландия мен Польша шенеуніктері турнирге бойкот жариялаған. Еуропарламент депутаттары да жарысқа дипломатиялық бойкот жариялауы мүмкін екенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG