Accessibility links

Мәскеуде британиялық белсендіні полиция ұстады


Питер Тэтчелл мен полиция өкілдері. 14 маусым 2018 жыл.
Питер Тэтчелл мен полиция өкілдері. 14 маусым 2018 жыл.

Мәскеудің орталық алаңында танымал британдық белсенді Питер Тэтчелл ұсталды. Ол қолына "Путин Шешенстандағы гейлерді қудалауға қарсы тұра алмайды" деген плакат ұстап, бір адамдық пикет өткізген. Белсенді Шешенстанда ЛГБТ өкілдерінінің құқығы қорғалмайтынына наразылық білдірді.

Тэтчелдің ұсталғанын "The Guardian" журналисі Шон Уокер Twitter парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, белсендіні полиция көлігіне отырғызып, бөлімшеге апарған.

Оқиға орнында түсірілген видеодан полиция белсендінің ұсталуын "футболдан әлем чемпоинаты өтіп жатқан кезде қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау" үшін деп түсіндірген.

Питер Тэтчелл әлемдік деңгейде ЛГБТ өкілдерін қудалауға қарсылық білдіріп танылған. Ол саяси репрессияларға қарсы акцияларға да белсенді қатысады. 2001 жылы Брюссельде Зимбабве президенті Роберт Мугабегенің "репрессиялық әрекетіне" ашық наразылық білдірген. Кейін Мугабенің күзетшілері оған күш көрсеткен.

2007 жылы Питер Тэтчелл Мәскеуде өткен жыныстық азшылық өкілдерінің демонстрациясына қатысып, наразылармен бірге гейлер шеруін өткізуге рұқсат сұраған. ОМОН жауынгерлері шеруге қатысқан басқа да белсенділермен бірге Тэтчелді соққыға жыққаны хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG