Accessibility links

Путин Ресей президенті әкімшілігінің өкілетін кеңейтті


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті әкімшілігі бұдан былай Мемлекеттік думаға ұсынуға заң әзірлеп ғана қоймай, төменгі палата қабылдаған заң жобасына түзетулер енгізу құқығын иеленеді. Президент Владимир Путиннің 14 маусым күні президент әкімшілігінің құзыретін кеңейту туралы "Ресей Федерациясы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде" жарлық шығарды.

Құжатта сонымен бірге "әкімшілік патриоттық тәрбие беру саласында негізгі мемлекеттік саясат бағыттарымен айналысады" делінген. Жарлық қол қойған күні күшіне енді.

Жақында Владимир Путин төртінші мерзімге сайланғаннан кейін әкімшілікте кадрлық өзгерістер жасау жөнінде бірқатар жарлыққа қол қойған. Онда көптеген шенеунік, оның ішінде әкімшілік жетекшісі Антон Вайно қызметін сақтап қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG