Accessibility links

Путин Никол Пашинянді Ильхам Әлиевпен таныстырды


Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Мәскеу, 13 маусым 2018 жыл.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Мәскеу, 13 маусым 2018 жыл.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде футболдан әлем біріншілігінде Ресей мен Сауд Арабиясы құрамалары арасындағы футбол матчынан кейін өзін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен таныстырғанын хабарлады. Пашинян бұл туралы Facebook-те жазды.

"Футболдан кейін Ресей президенті ТМД елдері басшыларының шағым кездесуін ұйымдастырды. Ол жерде Әзербайжан презиенті Ильхам Әлиев те болды және Ресей президенті бір-бірімізбен таныстырды" деді Пашинян. Ол бұдан басқа талқылау немесе келелі әңгіме болмағанын айтты.

Пашиняннің Мәскеуге сапары алдында Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Арман Егоян "Интерфакс" агенттігіне Пашиняннің Әлиевпен кездесу жоспары жоғын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG