Accessibility links

Ораза айт мейрамы басталды


Мешіттегі айт намазы (Көрнекі сурет).
Мешіттегі айт намазы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда бүгін, 15 маусымда мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамы басталды. Рамазан айы бойы ауыз бекітіп, ораза тұтқан мұсылмандар маусымның 15-і күні таңертең елдегі мешіттерде айт намазына қатысты. Намаз оқылғаннан кейін ораза айы бітіп, үш күндік айт мейрамына ұласты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты айт мейрамымен құттықтады. Айт қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз да қазақстандықтарды айт мерекесімен құттықтаған.

Айт кезінде әр отбасында дастарқан жайылып, адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, игі тілек тілеп, үйіне айттап келген қонақты қарсы алып, арнайы әзірленген дәм ұсынады.

Биыл Рамазан айы мамырдың 17-сі күні басталған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG