Accessibility links

Алматы облысында тағы бір адам менингитпен ауырды


Алматыдағы ауруханалардың бірі (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ауруханалардың бірі (Көрнекі сурет).

Алматы облысында бір адамның менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикада 61 адам инфекция жұқтырған. "Жағдай денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір тоғыз адам ауруханада емделіп жатыр, 40 адам ауруханадан шығарылған. Менингококк жұқтырғандардың 12-сі қайтыс болған. Қатерлі дерттен қайтыс болғандардың алтауы - Алматы қаласының, үшеуі - Алматы облысының, екеуі - Оңтүстік Қазақстан облысының, біреуі - Қызылорда облысының тұрғыны.

13 маусым күні кешке денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық қорғау комитеті Ақтөбе облысында 10 маусымда менингококк инфекциясын жұқтыру күдігімен ауруханаға түскен тоғыз айлық балаға "менингококк" диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін дәрігерлер сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанын, біртіндеп оңалып келе жатқанын хабарлаған.

7 маусымда қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті елде менингококк инфекциясын жұқтыру деңгейі шегіне жетіп, бәсеңси бастағанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG