Accessibility links

БҰҰ бас хатшысын Путинмен Сенцовтің мәселесін талқылауға шақырды


Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы.

39 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Франция және Ұлыбритания БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришті Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Ресейде түрмеде отырған украиналық режиссер Олег Сенцовтің және басқа да саяси тұтқындардың мәселесін талқылауға шақырды. Бұл жайында Deutsche Welle басылымы хабарлады.

38 елдің өкілдері қол қойған хат пен Ресейде түрмеде отырған украин саяси тұтқындарының тізімін Гутерришке 14 маусым күні Украинаның БҰҰ-дағы елшісі Владимир Ельченко табыстаған.

"Бір айдан астам уақыт аштық жариялап жатқан Олег Сенцовтің мәселесін жедел шешу керек" делінген хатта. Хатқа қол қойған елдер "заңсыз қамауға алынғандардың жағдайын жеңілдету шараларына БҰҰ-ны тартуды" қолдайды.

БҰҰ бас хатшысы Ресей президентімен 20 маусымда Мәскеуде кездеседі деп жоспарланған. Гутерриш сонымен қатар футболдан әлем біріншілігінде Португалия мен Марокко құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалайды.

7 маусымда өткен тікелей желіде Путин "Сенцовті Киевте ұсталған журналист Кирилл Вышинскийге айырбастау мүмкін бе деген сауалға жауап беруден жалтарған.

Бірер күн бұрын Еуропарламент Сонцовті дереу босатуға шақыратын қарар қабылдаған. Әлемнің көптеген елінде, оның ішінде Украина мен Ресейде Сенцовті қолдаған акциялар өтіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG