Accessibility links

WSJ: Макрон ЕО-да француз тілі негізгі тіл болады деп сенеді


Еуропа Одағы мен одаққа мүше елдердің тулары (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағы мен одаққа мүше елдердің тулары (Көрнекі сурет).

Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлыбритания Еуропа Одағынан (ЕО) шықса ЕО-дағы іс-қағаз негізінен француз тілінде жүргізілетініне сенеді деп хабарлады Wall Street Journal (WSJ).

Басылымның хабарлауынша, наурыз айында Франция басшысы ЕО-да ағылшын тілінің үстемдік құруы міндетті емесін мәлімдеген. Макон ЕО елдері іс-қағаздарының көбі француз тілінде жүргізілген 1973 жылға дейінгі жағдайға оралуы керек деп біледі. Қазір ЕО-дағы құжаттардың басым бөлігі ағылшын тілінде жазылады.

WSJ мәліметінше, сәуірде Францияның ЕО-дағы өкілі бюджет жөніндегі жиын ағылшын тілінде жүргізілгендіктен, оған қатысудан бас тартқан. Дипломаттардың бірі басылымға осыдан кейін басқа барлық делегат жиындағы әңгіменің өз тілдеріне аударылуын талап еткенін айтқан. Бұған дейін делегаттарда ағылшын тілін білуге қатысты мәселе туындамаған.

Wall Street Journal Макронның идеясын Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер қолдайтынын айтады.

ЕО-да 24 ресми, үш жұмыс тілі (ағылшын, француз және неміс) бар. БАҚ ағылшын тілі Ұлыбритания, Ирландия және Мальтада ғана ресми тіл болғанымен, іс жүзінде ЕО-да ең көп қолданылатынын айтады. ЕО мектептерінің 80 пайызында ағылшын тілі бірінші шетел тілі ретінде оқытылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG