Accessibility links

БАҚ: АҚШ Қытай тауарларына баж салығын енгізді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауарына баж салығын салуды бекітті деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Associated Press (AP) агенттігі.

AP мәліметінше, Трамп бұл туралы шешімін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері және АҚҚ Қаржы министрлігі мен Сауда министрлігінің өкілдерімен кеңескен соң қабылдаған.

Қытайдан жеткізілетін тауарларға 25 пайыз баж салығы салынады. Жаңа ереженің қашан күшіне енетіні әзірге айтылмайды.

Wall Street Journal (WSJ) басылымының ақпаратынша, салық салынатын қытайлық тауарлар тізімі 15 маусымда жарияланады. Басылым дереккөзінің мәліметіне қарағанда, тізім жобасында 1300 тауардың атауы бар.

Қытай бұған дейін АҚШ президенті егер баж салығын салса, онда жауап шараларын қабылдайтынын ескерткен.

31 мамырда АҚШ Еуропа Одағы, Мексика және Канададан жеткізілетін алюминий және болатқа баж салығы салынатынын жариялаған. 1 маусымнан бастап бұл елдерден әкелінетін болатқа 25 пайыздық, алюминийге 10 пайыздық баж салығы салынады. Брюссель АҚШ-тың бұл саясатын "протекционизм" деп атап, 20 маусымға дейін жауап шараларын жасайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG