Accessibility links

АҚШ Ресейдегі футбол жарысындағы теракт қаупін ескертті


Иран мен Марокко футбол құрамалары арасындағы ойынды тамашалып отырған жанкүйерлер. Санкт-Петербург, Ресей, 15 маусым 2018 жыл.
Иран мен Марокко футбол құрамалары арасындағы ойынды тамашалып отырған жанкүйерлер. Санкт-Петербург, Ресей, 15 маусым 2018 жыл.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейде әлемдік футбол чемпионаты өтіп жатқан орындарды терроршылар нысанаға алуы мүмкін екені туралы ескертті. Төнетін қауіптің сипаты жайлы егжей-тегжейлі айтылмаған.

Маусымның 15-і күні жариялаған хабаралмасында Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарына "терроризм" қаупі барын, сонымен бірге Ресейдің күш құрылымдары мен өзге шенеуніктері тарапынан "қудалау мен бопсалау" әрекеттері жасалуы ықтимал екенін ескертіп, Ресейге сапар шегуден бас тартуға кеңес берген.

"Әлем кубогы тәрізді халықаралық ірі көлемдегі шараларды терроршылар нысанаға айналдыруға тырысады", - деп санайды Мемлекеттік департамент.

"Әлем чемпионатындағы ауқымды қауіпсіздік шараларына қарамастан, терроршылар стадион, туристер баратын жерлер, жанкүйерлер алаңы, көлік тораптары мен өзге де қоғамдық орындарды нысанаға алып, шабуыл жасауға талпынуы мүмкін", - делінген хабарламада.


АҚШ Мемлекеттік департаменті чемпионат өтетін орындарда полиция саны көбейтіліп, қауіпсіздікті күшейту – әдеттегі шаралар дейді.

Ресей мен өзге де бірқатар мемлекетте тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өткен жылдың соңынан бері футбол матчтарын өткізбей тастайтыны туралы әлеуметтік желілер арқылы қоқан-лоқы жасаған.

Ресей ресми тұлғалары футболдан әлем чемпионаты ойындары өтетін Мәскеу мен тағы 11 қалада ондаған мың қауіпсіздік күштері қызметкерлерін орналастырғанын айтады. Чемпионаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жедел штаб аппаратының жетекшісі Алексей Лаврищев осы аптада Мәскеуде журналистерге елде жасалған айқын жоспар барын мәлімдеп, биліктің "қауіпсіздікке төнген кез-келген қауіптің алдын алуға және оны жоюға дайын" екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG