Accessibility links

Испанияға теңізбен жүздеген мигрант барған


Aquarius кемесіндегі мигранттар. Жерорта теңізі, 10 маусым 2018 жыл.
Aquarius кемесіндегі мигранттар. Жерорта теңізі, 10 маусым 2018 жыл.

Франция бұған дейін Жерорта теңізінде Aquarius кемесінен құтқарылған мигранттардың бір бөлігін қабылдауға келісім берген. Африкадан 600-ден аса мигрант алып шыққан кеме жексенбі күні Испанияның Валенсия портына жетпек. Италия мен Мальта бұл мигранттарды қабылдаудан бас тартқаннан кейін Испания оларды қабылдауға келісім берген.

Reuters мәліметінше, соңғы екі тәулікте Испанияның жағалау күзеті Гибралтар бұғазы арқылы шағын қайыққа отырып қауіпті сапарға шыққан 900-ден астам мигрантты құтқарған. Бірнеше адамның суға батып кеткені хабарланды.


Бұған дейін Италияның жаңа билігі мигранттар мінген Aquarius кемесін қабылдамайтынын мәлімдеген соң, Франция президенті Эммануэль Макрон Римді сынаған. Бұл мәселе Италия мен Франция қарым-қатынасына кері әсер еткен.

Италияның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Маттео Сальвини Африка жағалауында теңіз арқылы сапарға шыққан мигранттарды құтқарумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті тоқтатып, олардың кемелерін Италия порттары қабылдамайтыны туралы мәлімдеген.

Еуропа Одағының маусымның аяғына белгіленген саммитінде талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі – мигранттар мәселесіне арналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG