Accessibility links

Францияда заңсыз интернет-платформа жойылған


Францияның Ұлттық барлау және кедендік тергеу басқармасының (DNRED) Париж маңындағы штаб-пәтері.
Францияның Ұлттық барлау және кедендік тергеу басқармасының (DNRED) Париж маңындағы штаб-пәтері.

Францияда интернеттің көлеңкелі бөлігіндегі (darknet) заңсыз ірі платформалардың бірі – Black hand ("Қара қол") форумы әшкереленіп, жабылған. Бұл туралы маусымның 16-сы күні Францияның бюджет министрі Жерар Дарманен мәлімдеген. Интернеттің көпшіліктен жасырын, іздеу жүйелері анықтай алмайтын бөлігінде орналасқан Black hand форумы "екі жыл бойы есірткі, қару-жарақ, жалған құжаттар, ұрланған банк мәліметтерін сату тәрізді заңсыз сауда-саттық үшін пайдаланылып келген" делінген министрдің ресми ақпаратында.


Сейсенбіде Ұлттық барлау және кедендік тергеу басқармасының (DNRED) интернеттегі алаяқтыққа қарсы күрес аясында жүргізген арнайы операциясы барысында заңсыз сайттың бас администраторы мен тағы бірнеше күдікті ұсталған. Маусымның 15-і күні Лилль қаласы соты олардың ісін қараған.

Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, полиция ұсталғандардан компьютерлік техника мен жалған құжаттарды тәркілеп, Black hand форумының серверіндегі деректерді қолға түсірген. Тергеудің алғашқы мәліметтеріне қарағанда, заңсыз форумға үш мыңға жуық адам тіркелгені анықталған.

Францияда мұндай операция алғаш рет бірнеше қалада бір мезетте басталып, жүргізілген. Арнайы шараға Ұлттық барлау және кедендік тергеу басқармасының қырықтан астам агенті, кеден қызметкерлері мен техникалық сарапшылар қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG