Accessibility links

Ақмола облысында тұтқын түрмеден қашқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақмола облысында ЕЦ-165/18 түзеу мекемесінен қашып кеткен тұтқынды іздестіріп жатыр деп хабарлады жергілікті баспасөз құралдары Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Ішкі істер органдары оның қай жерде екенін анықтап, ұстау үшін кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеген Сәдубаев.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінде ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан Е.Ж.Қасенов деген азамат маусымның 17-і күні Степногорск қаласындағы қамау мекемесінен қашып кеткені айтылған. Informburo жаңалықтар сайты адам өлтіру және тонау қылмыстары үшін 24 жылға сотталған тұтқын түнгі сағат екінің шамасында түрмеден қашып шыққан деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG