Accessibility links

Жамбыл облысындағы пойыз апатынан жеткіншек қаза болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны теміржолдан шығып кетіп, адамдар зардап шеккен. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, үш ересек адам ауруханаға түскен.

"Бір жеткіншек опат болып, үш адамның зардап шеккені анықталды", - деп хабарлаған Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін Иманқұлов маусымның 17-і күндіз Астана-Алматы бағытындағы №9 "Бәйтерек" жолаушылар пойызының сегіз вагоны теміржолдан шығып кетіп, екеуі аунап қалғаны туралы хабарлаған. "Қазақсан теміржолы" ұлттық теміржол компаниясы төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тексеру басталғаны туралы хабарлады.


Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, төтенше оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 13:25 кезінде теміржолдың Сарышаған-Шу станциялары арасындағы Жиделі-Бірлік бөлігінде болған. Апатқа ұшыраған пойыз жолаушылары "Астана-Қызылорда" пойызымен Шу станциясына жеткізілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG