Accessibility links

Мәскеу: адам қаққан такси жүргізушісі ұйықтап кеткен


Қырғызстан азаматы Шыңғыс Анарбек уулу.
Қырғызстан азаматы Шыңғыс Анарбек уулу.

Мәскеу қаласының орталығында сенбі күні көшеде кетіп бара жатқан бірнеше адамды қаққан такси жүргізушісі 28 жастағы Қырғызстан азаматы Шыңғыс Анарбек уулу жылдамдық пен тежегішті шатастырып алғанын мәлімдеген. Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша басқармасы такси жүргізушіден жауап алған кезде түсірілген видеоны жексенбі күні сайтында жариялады.

Жүргізуші алкогольді ішімдік ішпейтінін, апатқа тап болғанға дейін 20 сағат көлік айдағанын, ал оның алдында небары екі-ақ сағат ұйықтағанын айтқан. Оның сөзінше, автокөлік жүргізуші куәлігін 2013 жылы алған, екі жыл көлік жүргізу тәжірибесі бар оның Мәскеуде көлік айдап жүргеніне бір ай болған. Ол өзінің қатысуымен болған оқиғаға өкінетінін айтқан.

Бұған дейін ресейлік "Интерфакс" агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, Мәскеу орталығында болған төтенше оқиғаға жүргізушінің көлік айдап келе жатып ұйықтап кетуі себеп болған деп хабарлаған.

"Медициналық тексеру қорытындысы такси жүргізуші Шыңғыс Анарбек уулуның ағзасында алкоголь жоғын анықтады", - деген ол "Интерфакс" агенттігіне.


Мәскеудің орталығындағы Ильинка көшесінде маусымның 16-ы күні такси көлігі кенетен жол белгісін басып өтіп, жаяуларға арналған тротуармен кетіп бара жатқан адамдарды қаққан. Оқиға салдарынан жеті адам зардап шегіп, дәрігер көмегіне жүгінген, қазаға ұшырағандар жоқ. Мексиканың Мәскеудегі елшілігі Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында бұл оқиғадан зардап шеккендер арасында "болмашы" жарақат алған екі мексикалық азамат барын және олардың "жағдайы тұрақты" екенін хабарлаған.

Мәскеудегі оқиға жайлы әлеуметтік желідегі видео:

Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

Мәскеу қаласының полициясы такси жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, көлік Қызыл алаңға жақын маңда тротуарға шығып кеткен болуы керек деп түсіндірген. Бұл алаңға Ресейде өтіп жатқан әлемдік футбол чемпионатын көруге келген шетелдіктер көп барады.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айман Кулукеева бүгін Facebook әлеуметтік парақшасында министрлік бұл жайттың барысын бақылап отыр деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG