Accessibility links

Киевте ЛГБТ өкілдері марш өткізді


Киевтегі ЛГБТ өкілдері өткізген акция. 17 маусым 2018 жыл.

Киевте 17 маусымда бес мыңнан астам адам "Теңдік маршын" өткізді. Маршқа ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және транссексуал) өкілдерімен бірге Еуропарламент депутаты Ребекка Хармс, украиналық саясаткер Сергей Лещенко мен Светлана Залищук жән гомосексуалдарды қолдайтын белсенділер қатысты.

Бұлармен бір уақытта дәстүрлі құндылықтарды қолдайтын ұлтшылдар мен консерваторлар бөлек акция өткізді. Полиция акцияға қатысқан 60 шақты адамды ұстап, кейін олардың көбін босатып жіберді.

Марш өткен жер арнайы қоршауға алынды. Ұлттық опера театрынан Лев Толстой алаңына дейін өткен маршқа қатысушыларды бес мың полицей мен ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері күзетіп жүрді. Марш өтетін жерде, оның ішінде жақын үш метро станциясында көлік қозғалысы алдын ала тоқтатылды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG