Accessibility links

Пойыз апатының құрбаны мен жараланғандардың аты-жөні жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы 17 маусым күні Шу станциясында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан адам мен жараланғандар туралы мәлімет жариялады. Басқарма мәліметінше, 14 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Жарақат алғандардың біреуі Шу қалалық ауруханасына түсіп, қалған 13-і ем-дом алған соң үйлеріне қайтарылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қаза тапқан адам - Шу қаласының 12 жастағы тұрғыны Григорий Малинев. Зардап шеккендер арасында төрт бала бар.

17 маусым күні кешке "Қазақстан теміржолы" (ҚТЖ) компаниясы төтенше оқиғадан соң Шу станциясына жеткізілген 832 жолаушының 200-і билеттеріне байланысты осы станцияда қалғанын хабарлады. Шу станциясынан 488 жолаушы Алматыға жөнелтілген, қалғаны өз бетімен көлікпен кетуді жөн көрген.


ҚТЖ хабарламасында Астанадан Алматыға бара жатқан №10 пойыз Крюковский және Тверский вагон құрастыру зауыттарынан 2012-2014 жылдары жасалып шыққаны айтылады. "Аталған вагондар тиісті техникалық тексеруден өткен және нормативтік-техникалық талапқа сай" делінген компания сайтында.

Техникалық регламент бойынша, теміржолдар айына екі рет тексеріледі. Компания мәліметінше, соңғы рет жолдар 6 маусымда өлшеніп, тексерілген және ол кезде "жолдардың орнынан ауытқуы анықталмаған".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG