Accessibility links

Жапонияда жер сілкініп, үш адам қаза тапты


Қауіпсіздік қызметкері Осакада тұрғындарға жер сілкінісінен соң теміржол станциясы маңында нұсқаулықпен таныстырып тұр. Жапония, 18 маусым 2018 жыл.
Қауіпсіздік қызметкері Осакада тұрғындарға жер сілкінісінен соң теміржол станциясы маңында нұсқаулықпен таныстырып тұр. Жапония, 18 маусым 2018 жыл.

Жапонияның батысындағы Осака қаласында 18 маусым күні жер қатты тербеліп, кем дегенде үш адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, жүз бассейні кешенінің қабырғасы тоғыз жастағы қызды және шамамен жасы сексендегі екі ер адамды басып қалған.

Жергілікті билік өкілі бірнеше ғимарат қирап, үйлердің терезелері сынғанын хабарлады. Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 6,1 магнитуданы құрады, зілзала жердің 10 километр тереңдігінде болды.

Жер сілкінісі таңертеңгі қарбалас сәтте болып, одан Осака метросының инфрақұрылымы қирады. Сарапшылар жүрдек пойыз желілері зақымданғанын растап отыр. Шенеуніктер мәліметінше, зілзала ядролық реакторларға әсер етпеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG