Accessibility links

SIPRI: Ядролық қаруы бар елдер арсеналын жаңартып жатыр


Ресейдің ядролық оқтұмсық алып ұша алатын жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыраны (Көрнекі сурет).
Ресейдің ядролық оқтұмсық алып ұша алатын жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыраны (Көрнекі сурет).

Әлемдік державалар 2018 жылдың басына дейін ядролық оқтұмсықтарын 14935-тен 14465-ке дейін қысқартты деп хабарлады Стокгольмде орналасқан халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI). Ұйымның 18 маусымда жариялаған есебінде ядролық қаруы бар негізгі елдер арсеналын азайтқанымен, ядролық қару-жарағын жетілдіріп жатқаны айтылады.

АҚШ пен Ресей ядролық арсеналын біртіндеп азайтып жатқанымен, әлі де әлемдегі барлық ядролық қару-жарақтың 92 пайызына ие.

"Ресей мен АҚШ ядролық арсеналын аздап қысқартқанымен, екеуі де ядролық оқтұмсықтарын, зымырандары мен оқтұмсықты жеткізу жүйесін және ядролық қару жасау кәсіпорындарын жаңалап, жетілдіру бағдарламаларын қабылдаған" дейді SIPRI.

2018 жылы ақпанда қабылданған "АҚШ-тың ядролық саясатына талдау жасау" атты есепте модернизациялау бағдарламасы қайта бекітіліп, жаңа ядролық қару жасау стратегиясы мақұлданған.

Биыл жыл басындағы есеп бойынша, АҚШ-та 6450, Ресейде 6850 ядролық оқтұмсық болған. Былтыр бұл көрсеткіш Ресейде 700, АҚШ-та 6800 болған.

Институт екі елдің 2010 жылы қабылданған Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан ары қысқарту және шектеу шаралары туралы келісімге сай іс-қимылын баяу жасап жатқанын айтады.

SIPRI есебінше, әлемде АҚШ пен Ресейден өзге Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Кореяда ядролық қару бар. Болжам бойынша, Пәкістан 140-150, Үндістан 130-140, ал Солтүстік Корея шамамен 10-12 ядролық оқтұмсыққа ие.


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері 12 маусымда Сингапурде кездесіп, Корей түбегін денуклеаризациялау туралы декларация қабылдаған. Бірақ құжатта Солтүстік Кореяның ядролық қаруынан қалай бас тартатыны және оның шарттары туралы айтылмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG