Accessibility links

Түркия президенттігіне кандидат түрмеден үндеу жасады


Селахаттин Демирташ, Түркия президенттігіне кандидат.
Селахаттин Демирташ, Түркия президенттігіне кандидат.

Түрмеде отырған түркиялық күрд саясаткері, президенттіктен үміткер Селахаттин Демирташ 24 маусымға белгіленген президент сайлауы қарсаңында үндеу жасады. Саясаткердің 10 минуттық үндеуі мемлекеттік TRT телеарнасынан трансляцияланды. Демирташ үндеуде Түркияның қазіргі саяси жүйесін "репрессивті режим" деп атады.

Түркия заңы бойынша, президенттікке кандидаттың қоғамдық телеарна эфирінен 20 минут тегін үгіт-насихат жүргізуге хақы бар.

Демирташ Халықтық-демократиялық партияның (HDP) бұрынғы жетекшісі саналады. Ол 2016 жылдан бері тыйым салынған күрд содырларымен байланыста болды деген айыппен қамауда отыр. HDP қандай да бір заңсыз әрекет жасағанын жоққа шығарады және репрессияның оппозицияны басып-жаныштауды көздейтінін айтады.

Демирташ сайлаушыларды сайлауда президент Режеп Тайып Ердоғанның "жеке-дара билеп-төстеуін" тоқтатуға шақырады. Ол Түркиядағы қазіргі жағдайды "киноның тизері" деп атап, "фильмнің ең қорқынышты бөлімі әлі басталмағанын" айтады.

Түркияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 24 маусымда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG