Accessibility links

Өзбекстанда туыстарына барған АҚШ азаматы ұсталды


Өзбекстан полициясы (Көрнекі сурет)
Өзбекстан полициясы (Көрнекі сурет)

Тегі өзбек АҚШ азаматы Зокир Әлиев Өзбекстанға туыстарына барған бойда тұтқындалды деп хабарлады Парижде орналасқан Fiery Hearts адам құқықтарын қорғау ассоциациясы.

Ұйым мәліметінше, Зокир Әлиевті полиция 16 маусымда ол Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысына қарасты өзі туып-өскен Карши қаласына барғаннан бір сағаттан соң ұстаған.

46 жастағы Әлиев туыстарын көрмегеніне көп жыл болған. Ол президент Шавкат Мирзияев былтыр 1991 жылдан кейін елден кеткен өзбектерді елге қайта оралуға шақырған соң туыстарына барып қайтпақ болған.

Fiery Hearts ұйымының мәліметінше, Әлиев Өзбекстанға заңды жолмен, яғни туыстарының шақыртуымен АҚШ-тағы Өзбекстан елшілігінен 90 күндік виза алып барған.

Қашқадария облысының билігі Әлиевтің туыстарына оның не үшін ұсталғанын немесе қандай айып тағылғанын айтпаған.

Өзбекстаннан 25 жыл бұрын кетіп қалған Әлиев АҚШ-та жекеменшік такси компаниясында жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG