Accessibility links

ЕО Қырым мен Севастопольге қатысты санкциясын ұзартты


Еуропа Одағының тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа кеңесі Ресей аннексиялап алған Қырымға және Севастопольге қатысты санкциясының мерзімін бір жылға, яғни 2019 жылдың 23 маусымына дейін ұзартты. Санкцияны ұзарту туралы шешім 18 маусымда Еуропа Одағы (ЕО) елдері ауыл шаруашылығы істері министрлерінің кездесуінде қабылданды.

2014 жылы Қырым аннексияланған соң салынған санкция бойынша Қырым мен Севастопольден тауар импорттауға, аннексияланған аймақтар экономикасына инвестиция салуға және еуропалық кемелердің Қырым порттарына кіруіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Қырым компанияларының кейбір тауарлары мен технологиясын сатуға да шектеу енгізілген.

ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары атынан таратылған мәлімдемеде ЕО-ның Қырым аннексиясын заңсыз деп санайтыны және Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтыны айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG