Accessibility links

Германияда Audi концернінің басшысы қамалды


Руперт Штадлер, Audi концернінің топ-менеджері.

Мюнхен прокуратурасы Audi автомобиль концернінің басшысы Руперт Штадлердің қамалғанын хабарлады. Тергеушілер дизель жанжалы ісінде күдікті деп танылған Штадлер бостандықта жүрсе тергеуге кедергі келтіреді деп сезіктенеді.

Прокуратура Audi басшысынан ауаға зиянды қалдықтарды аз шығарады деп көрсететін бағдарлама орнатылған дизельмен жүретін көліктерді сатуға қатысы бар деп күдіктенеді. Audi құрамына кіретін Volkswagen (VW) концернінің бас кеңсесіндегі өкіл компанияны 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан Штадлердің тұтқындалғанын растады. Ол тергеу жалғасып жатқанын, топ-менеджерге қатысты әлі де кінәсіздік презумпциясы жүретінін айтты.

Германиялық БАҚ-тың хабарлауынша, полиция өткен аптада Штадлердің пәтеріне тінту жүргізген.

Мюнхен прокуратурасының Audi концерніне қатысты ашқан ісі бойынша күдікті деп танылғандар саны 20 адамға жетті. Өткен аптада Федералдық көлік транспорты агенттігі жалған бағдарлама орнатылған Audi A6 және A7 модельдеріндегі 60 мың көлікті ресми түрде кері қайтаратынын хабарлаған. 2017 жылы сәуірде Audi-дің бас кеңсесінде тінту жүргізілген.

Дизельмен жүретін көліктерге қатысты жанжал 2015 жылы АҚШ билігі бастаған тергеуден соң туындаған. Volkswagen концерні әлемде көлік қозғалтқыштарының экологиялық стандарттарға сай келетінін анықтайтын тестті айналып өтетін бағдарлама орнатылған 11 миллион көлік сатылғанын мойындаған. Шын мәнінде, Volkswagen концерні шығарған дизель көліктері бөлетін зиянды газ көлемі шектік мөлшерден 40 есе асып кеткен. Жанжалдан соң техникалық бұрмалауды жою үшін нарықтан концерн жасаған көліктер жаппай кері қайтарыла бастаған.

2015 жылы Брауншвейг қалалық прокуратурасы Volkswagen концернінің экс-басшысы Мартин Винтеркорнның үсінен тергеу бастаған. Прокуратура өкілі Джулия Мейер мұндай істі тергеу бірнеше айға, тіпті кейбір жағдайда бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG