Accessibility links

SAS: Ресейде жеке адамдар қолында 17,6 миллион қару бар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей азаматтарының меншігінде 17,6 миллион кіші калибрлі қару-жарақ (көбінде тапанша) бар. Ресей бұл көрсеткіш бойынша Еуропа елдері арасында бірінші орында, әлем бойынша бесінші орында тұр. Бұл туралы мәліметті 18 маусымда Женевадағы Small Arms Survey (SAS) зерттеу орталығы жариялады.

Еуропада тұрғындары ең көп қару-жарақ алып жүретін екінші ел - Германия (әлем бойынша сегізінші орында). Германияда жеке адамдар қолында 15,8 миллион қару бар. Қару-жарақтың көптігі бойынша әлемде бірінші орында – АҚШ тұр. Бұл елде жеке адамдар қолында 393,3 миллион қару бар. Одан кейінгі орындарда Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ресей тұр.

АҚШ-та 100 адамға 120, Йеменде 53, Черногория мен Сербияда 39, Канадада 35, Германияда 20, Ресейде 12 қарудан келеді.

Small Arms Survey мәліметі бойынша, әлемде жасап шығарылған кіші калибрлі қару-жарақтың 85 пайызы (857 миллион дана) жеке адамдар қолында. Олардың ішінде 156 миллион тапанша әскери, полиция және қауіпсіздік қызметінің өкілдерінде.

Соңғы он жылда жеке адамдар қолындағы атыс қаруы 207 миллион данаға көбейген. Олардың 122 миллионы америкалықтар қолында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG