Accessibility links

Трамп Қытайға "сауда соғысы өршуі мүмкін" екенін ескертті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Пекин, 9 қараша 2017 жыл.

АҚШ Қытай егер америкалық тауарларға баж салығын енгізу ниетін іске асырса, онда Қытайдан жеткізілетін жалпы құны 200 миллиард доллардың тауарына 10 пайыздық салық салынатынын ескертті.

"Қытайды арамдықпен сауда жасаудан бас тартуға, өз нарығын америкалық тауарларға ашуға және Қытаймен теңгермелі сауда қатынасын орнатуға мәжбүрлеудің жаңа шаралары қабылданады" деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Қытай Сауда министрлігі Трамптың сөзіне жедел жауап қатып, оны "бопсалау әдісін" қолданып отыр деп айыптады және "шектен тыс қысымға қатаң жауап беретінін" ескертті.

Дональд Трамп Қытай билігінің америкалық интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудан бас тартып отырғанына наразы.


Өткен аптада Трамп әкімшілігі Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауарына 25 пайыздық баж салығын салатынын хабарлаған. Пекин АҚШ-ты "сауда соғысын жүргізіп отыр" деп айыптап, бірден америкалық 50 миллиард доллардың тауарына, оның ішінде астық, автомобиль және теңіз өнімдеріне баж салығын енгізген.

АҚШ-тың Қытайдан жеткізілетін 34 миллиард доллардың 800-ден астам тауар түріне салатын баж салығы 6 шілдеден бастап күшіне енеді. Тағы 300-дей тауарға салық салу мәселесі әзірге талқыланып жатыр.

Әлемдік жетекші қор нарықтарында соңғы күндері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық егес халықаралық дистрибьюторлық жүйе жұмысын тоқыратуы мүмкін деген қауіптен акциялар бағамы төмендеп жатыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG