Accessibility links

Шымкентте көз жұмған науқастың менингитпен ауырғаны расталды


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Шымкентте 15 маусымда қайтыс болған жасөспірімнің менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталды деп хабарлады Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство елдегі менингококк инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламасында жыл басынан бері менингитпен 62 адам ауырғанын, оның 13-і қайтыс болғанын айтады. Көз жұмғандардың алтауы - Алматы қаласы, үшеуі - Алматы облысы, үшеуі - Оңтүстік Қазақстан облысы, біреуі - Қызылорда облысының тұрғыны. 42 науқас ауруханадан емделіп шыққан, жеті науқас емделіп жатыр.

Алматы облысында соңғы екі күнде үш адам менингококк жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Қазір зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG