Accessibility links

Навальный 1 шілдеде зейнетақы реформасына қарсы акция өткізбек


Алексей Навальныйдың Мәскеуде өткізген қарсылық акциясы. 5 мамыр 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Алексей Навальныйдың Мәскеуде өткізген қарсылық акциясы. 5 мамыр 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Оппозиционер Алексей Навальный 1 шілдеде Ресей қалаларында зейнетке шығу жасының ұлғаюына қарсылық акцияларын өткізетінін жариялады. Навальный Instagram парақшасында өз штабы 20 қалада акция өткізуге рұқсат сұрап өтініш білдіргенін жазды.

19 маусымда сонымен қатар "Левый фронт" майданының лидері Сергей Удальцов та Мәскеуде зейнетақы реформасына қарсы акция өткізетінін хабарлады. Олар акцияны 4 шілде күні өткізуге өтініш білдірген. Белсенділер Революция алаңына жиналмақ ниетте.

Өткен аптада үкімет Мемлекеттік думаға Ресейде әйелдердің зейнетке шығу жасын 55-тен 63 жасқа, ерлердікін 60-тан 65 жасқа дейін ұлғайту туралы заң жобасын ұсынған. Өзгерістерді 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен жасау жоспарланып отыр.

"Ведомости" басылымының өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, зейнетке шығу жасын ұлғайту егер елде қарсылық көңіл-күйін күшейтіп жібергендей болса, Кремль реформаны қатаңдатпауы мүмкін.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG