Accessibility links

Шымкенттік белсенділер италиялық сенатормен кездесті


Италия парламентінің сенаторы Роберто Рампи (сол жақта екінші) мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті Антонио Стангоның (оң жақта екінші) белсенділермен кездескен сәті. 19 маусым 2018 жыл.
Италия парламентінің сенаторы Роберто Рампи (сол жақта екінші) мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті Антонио Стангоның (оң жақта екінші) белсенділермен кездескен сәті. 19 маусым 2018 жыл.

Шымкентте Италия парламентінің сенаторы Роберто Рампи мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті Антонио Станго жергілікті азаматтық белсенділермен кездесті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

"Шымкент" қонақ үйінің кіреберісінде өткен кездесуге оннан аса белсенді қатысты. Роберто Рампи мен Антонио Станго белсенділермен жеке-жеке сөйлесіп, олардың айтқанын тыңдады.

Жер сатуға қарсылық білдіргені үшін екі рет 15 тәулікке қамалып шыққан белсенді Ибраxим Әлсеркенің айтуынша, ол кездесуде заңсыз қамау және Қазақстандағы сөз бостандығы мен ой еркіндігі, бейбіт шеру мен жиын өткізу жөнінде пікірін білдірген.

Антонио Станго Азаттыққа "қазір белсенділерге қандай да бір нақты көмек беру өте қиын. Дегенмен сөз бостандығы мен бейбіт жиын өткізу туралы билік өкілдерімен кездесу кезінде айтуды тоқтатпаймыз" деді.

Белсенділермен кездесу аяқталған соң шетелдік делегация облыстық әкімдікке барып, жергілікті билік өкілдерімен кездесетіндерін айтты.

Роберто Рампи мен Антонио Станго 18 маусымда Астанада да бірнеше қазақстандық белсендімен кездескен.

Видео: Белсенділер италиялық құқық қорғаушылармен кездесті

Белсенділер италиялық құқық қорғаушылармен кездесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:16 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG