Accessibility links

Ресей АҚШ тауарларына қосымша салық салмақ


Максим Орешкин, Ресей экономикалық даму министрі.
Максим Орешкин, Ресей экономикалық даму министрі.

Ресей экономикалық даму министрі Максим Орешкин АҚШ-тың алюминий мен болат импортын шектеуіне байланысты Мәскеу америкалық бірқатар тауарға қосымша салық салатынын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, салық Ресей нарығында баламасы бар тауарларға ғана салынады. Тауарлар тізімі "таяу күндері" жарияланбақ.

2018 жылы наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп алюминийге 25 пайыз, болатқа 10 пайыз экспорттық баж салығын енгізген. Трамп мұны америкалық өндірушілерді қорғау қажеттігінен енгізгенін мәлімдеген.

Еуропа Одағы елдері, Австралия, Аргентина, Канада, Бразилия, Оңтүстік Корея мен Мексикадан импортталатын алюминий мен болатқа салық салу 1 мамырға дейін шегерілген.

"Үлкен жетілік" (G7) елдері таяуда Канадада өткен саммитте бұл шараларды талқылап, оны реттей алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG