Accessibility links

Қазақстанда ҰБТ басталды


Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетте ҰБТ тапсырып отырған түлектер. Астана, 20 маусым 2018 жыл.
Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетте ҰБТ тапсырып отырған түлектер. Астана, 20 маусым 2018 жыл.

Қазақстанда 20 маусымда мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу емтиханы - Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, ҰБТ биыл 20 маусым мен 1 шілде аралығында 167 пунктте өтеді.

Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы агро-техникалық университетте тест тапсыратын түлектерге келген білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл мектеп бітірген 147 мың 23 түлектің 102 мың 447-сі (70 пайыз) ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргенін айтты. Оның сөзінше, бұл - рекордтық көрсеткіш. Биыл 46 түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырмақ.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистерге ҰБТ-ға қатысты комментарий беріп тұр. Астана, 20 маусым 2018 жыл.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистерге ҰБТ-ға қатысты комментарий беріп тұр. Астана, 20 маусым 2018 жыл.

Министрмен бірге келген Ұлттық тест орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов биыл ҰБТ-дан ең көп балл жинаған алғашқы түлекке iPhone сыйға берілетінін айтты.

Былтырдан бастап түлектер әуелі мектепте аттестат алу үшін бес пән - міндетті төрт пән және өзі таңдаған бір пән бойынша емтихан тапсыратын болған. Бұл емтихандар 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтті. Түлектер ҰБТ-ны бес пән - үш міндетті және екі салалық пән бойынша тапсырады.

Тест тапсыратын пункттерде жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері мен полиция кезекшілік атқарып жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG