Accessibility links

Илон Маск: Тыңшы Tesla-дан мәлімет ұрлаған


Илон Маск, Tesla компаниясының негізін салушы.
Илон Маск, Tesla компаниясының негізін салушы.

Tesla компаниясының негізін салушы Илон Маск қызметкерлерінің арасында "жансыз" бар болып шыққанын мәлімдеп, дабыл қақты. Маск қаскүнем компанияның ішкі жүйесінің қорғаныш кодтарын өзгертіп, мәліметтерді бөтенге ұрлап бергенін айтады.

Илон Маск барлық қызметкеріне хат жазған. Оның шынайы екенін Tesla-дағы бірнеше адам растады. Маск хатында аты-жөні аталмаған қызметкер қызмет сатысында жоғарылай алмағандықтан тыңшылық жасағанын айтады. Жансыз зымияндық жасағанын мойындаған.

Маск мәліметтерді ұрлауға "Уолл-Стрит брокерлері", мұнай-газ компаниялары және аса ірі автоконцерндер қызыққан болуы мүмкін деп болжайды. Оның сөзінше, егер кейбір бұрыннан келе жатқан автомобиль компаниялары ауаға шығаратын зиянды қалдықтарын азайтып көрсеткен болса, онда олардың "басқа да жолдармен алдауға дайын екені" әбден мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG