Accessibility links

Ақпарат комитетінің басшысы ауысты


Астанадағы министрліктер үйі (Көрнекі сурет).
Астанадағы министрліктер үйі (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ақпарат және коммуникация министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы болып Ержан Нүкежанов тағайындалды. Ол бұған дейін парламент мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары болған.

37 жастағы Нүкежанов 2000 жылдардың басында республикалық "Қазақстан теледидары мен радиосы" корпорациясы ақпараттық-талдау қызметінің жүргізуші редакторы болған, "Хабар" мемлекеттік телеарнасында жұмыс істеген. Ол 2009 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан президенті ббаспасөз қызметінде жұмыс істеген. 2016 жылдың маусымынан бері мәжіліс аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат комитетін Ержан Нүкежановқа дейін басқарған Нұргүл Мауберлинова 2018 жылдың сәуірінде ақпарат және коммуникация вице-министрі қызметіне тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG