Accessibility links

Шымкентте бұрынғы мұғалім "жұмыстан заңсыз қуылғанын" мәлімдеді


Айгүл Тұрбекова, Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №73 мектептің директордың оқу ісі бойынша бұрынғы орынбасары. Шымкент, 20 маусым 2018 жыл.

Маусымның 20-ы күні Шымкенттегі өткен баспасөз мәслиxатында Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №73 мектептің директордың оқу ісі бойынша бұрынғы орынбасары Айгүл Тұрбекова заңсыз жұмыстан шығарылғанын, облыстық соттың қаулысына қарсы Жоғарғы сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "Сарыағаш - Әділет" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Батырбеков әуелі Айгүл Тұрбекова 73-мектеп директоры Увайда Қожагелдиеваны өзіне қысым көрсетіп, заң бұзуға жол бергені үшін аудандық білім бөліміне арызданғанын айтты. Дегенмен, Айгүл Тұрбекова бұл әрекеті үшін мектеп директорынан сөгіс, қатаң сөгіс алып, 2017 жылдың 28 қазаны күні жұмыстан босатылған.

Еңбек инспекциясы Айгүл Тұрбекованы орынбасарлық қызметінен босату туралы бұйрықты заңсыз деп тауып, Сарыағаш аудандық соты оны қайта жұмысқа алу туралы қаулы қабылдаған. Бірақ, 2018 жылдың маусым айында облыстық соттың азаматтық істер бойынша апелляциялық алқасы Айгүл Тұрбекованы қызметінен босату туралы қаулы шығарған.

- Мектеп директоры өзі айтқан сақтандыру қорына кірмегенім үшін қудалады. Соттың қаулысымен келіспеймін. Жоғарғы сотқа шағымданамын. Қазір жұмыстан қуылдым. Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, - дейді Айгүл Тұрбекова Азаттыққа.


Сарыағаш аудандық білім бөлімінің өкілі Тұрғанбай Аxметовтың айтуынша, дау Тұрбекованың мұғалімдерден заңсыз ақша жинағанынан басталған. Қазір Айгүл Тұрбекованың үстінен Қылмыстық кодекстің 190- бабымен ("алаяқтық") іс қозғалған, тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңсыз жұмыстан босату бойынша мектеп директорының өзі қызметінен уақытша шеттетілген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG