Accessibility links

Әбдірахымов Шымкент әкімі болып оралды


Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі. Шымкент, 25 мамыр 2016 жыл.

20 маусымда Шымкент қаласының әкімдігінде жиын өткізген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қала әкімі етіп Ғабидолла Әбдіраxымовты тағайындады.

Ғабидолла Әбдіраxымов 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарып, "Нұр Отан" партиясының xатшысы қызметіне ауысқан еді.

19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған. Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жариялаған.

Оқи отырыңыз: Әбдірахымовтың Шымкенттегі бірінші әкімдік кезеңі

Президенттің айтуынша, Астана мен Алматы қалалары сияқты ресубликалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент әкімшілік бірлігі елдегі он жетінші аймақ болады.

Назарбаев Түркістан қаласында жаңа әкімшілік функцияларды сапалы түрде жүзеге асыратын барлық мүмкіндік барын айтып, қабылдаған шешімінің тарихи мәні барын мәлімдеген.

5 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты облыс орталығын Шымкенттен 262 мың тұрғыны бар Түркістанға көшіру туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсынысты мақұлдап, үкіметке жолдаған.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш рет облыс орталығы халқының саны миллионға жетіп, ерекше мәртебе беріліп отыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG