Accessibility links

Еурокомиссия АҚШ тауарларына баж салығын енгізді


Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет)
Еуропа Одағының туы (Көрнекі сурет)

Еурокомиссия АҚШ-тан жеткізілетін тауарға жылына 2,8 миллиард еуроның баж салығын енгізді. Бұл құжат 22 маусымнан бастап күшіне енеді деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі.

АҚШ 1 маусымнан бастап Еуропадан импортталатын болатқа 25 пайыз, алюминийге 10 пайыз баж салығын салған. Еурокомиссияның сауда ісі жөніндегі өкілі Сесилия Мальмстрем егер Вашингтон салықты алып тастаса, Брюссель де баз салығын жоятынын мәлімдеді.

Еуропа Одағының (ЕО) есебі бойынша, АҚШ-қа экспортталатын еуропалық тауарға жылына 6,4 милиард еуро баж салығы төленбек. Үш жыл ішінде Еурокомиссия тауарлар үшін тарифті тағы да 3,6 млрд еуроға көбейтпек.

ЕО баж салығын енгізген америкалық тауарлар тізімінде құрыш, алюминий, тоқыма өнімдері, мотоциклдер, ауыл шаруашылығы өнімдері, вискидің кейбір түрлері, темекі және шырын бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG