Accessibility links

Тимошенко: Украина президенті сайлауына түсемін


Юлия Тимошено, украиналық саясаткер.
Юлия Тимошено, украиналық саясаткер.

Украиналық оппозициялық саясаткер Юлия Тимошенко президент сайлауына кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді. 2019 жылы өтетін сайлауда ол іс басындағы президент Петр Порошенкоға бәсекелес болуы мүмкін.

Юлия Тимошенко 20 маусымда Facebook-те жүргізген тікелей эфирінде сайлауға "авторитаризммен ойнап көру үшін емес, Украинаны аяғынан тұрғызу үшін" түсетінін айтты.

"Мен үшін президент сайлауы - PlayStation емес, ел күтіп отырған нақты өзгеріс" деп мәлімдеді оппозициялық "Батькивщина" партиясының лидері.


Тимошенко егер президент болып сайланса, жаңа Конституция бойынша референдум өткізетінін айтты. "Егер президент сайлауында жеңсем, онда шынайы қоғамдық келісім ретінде, билікті бір қолға шоғырландыруға қарсы бірден Украинаның жаңа конституциясын қабылдауды ұсынып, референдум өткіземін" деді Юлия Тимошенко.

Ол 2019 жылдың күзіне белгіленген парламент сайлауы егер өзі президент болып сайланса, жаңа конституция бойынша өткізілетінін мәлімдеді. Тимошенко Қырымды және Украинаның шығысындағы облыстарды Киевтің бақылауына қайтару күресінен бас тартпайтынын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG